Балабақша туралы мәлімет
Бақша ғимараты екі қабатты. Балабақша қуаттылығы 69 орындық, балабақша 2019 жылы тіркеліп ашылды. қазіргі таңда 69 баламен, 3 топ жұмыс жасайды. Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 08.00-бастап 18.00 сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік қазақ тілінде тәрбиеленуде. Бақшада қабылдау бөлмесі, оқу-тәрбие, ойын бөлмесі, жатын, ыдыс жуатын, асхана, меңгеруші, әдіскер бөлмесі, медицина бөлмесі мен қойма бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі 1 пеш арқылы газбен жылытылады. Су, электр, жүйесі орталықтандырылған. Балабақшада өрт, дабыл қондырғылары және бейне бақылау камераларымен жабдықталған. Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал - сайман жабдықтармен жабдықталған.